Мектепте тест үшін ақша жинау заңсыз — Сыбайлас жемқорлық агенттігі

315

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мектеп директорларына ескерту жасады. Себебі, бүгінде саналуан тестілер үшін мектеп оқушыларынан ақшаны жиі жинайды, деп хабарлайды kazgazeta.kz  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шаралары жайында айтып отырған жоқпыз. Ондай тестілерді 10-11 сыныптарда өткізеді. Алайда, бүгінде кейбір дайындық тестілерін 9-шы сыныптан, тіпті 4-ші сыныптан бастап ұйымдастырып жатады. Сол үшін ақша жинайды. Біз кімнің және қалай ақша жинайтынын білеміз. Бірақ алдын ала ескерту жасап отырмыз. Ондай кәсіп — заңсыз. Ақша жинау тыйылмаса, тиісті шараларды қолға аламыз» , — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысы Данияр Сабырбаев. Оның айтуынша, бүгінде дайындық тестілерін жеке меншік компаниялар өткізіп отырады. Ал әрбір оқушы бір тест үшін 500 теңгеге дейін ақша төлеуге міндетті. «Мәселен, Алматы облысында 9-11 сыныптар үшін тестілеу ұйымдастырылды. Әрбір тестінің бағасы 300-500 теңге шамасында болды. Оны кейбір мектептер аптасына бір рет, кейбіреуі айына бір мәрте тапсырды. Бір қызығы, ата-аналар сынақты білім және ғылым министрлігі өткізіп жатыр деп ойлайды. Олай емес. Ондай тестілер үшін ақша жинаған заңсыз», — деп атап көрсетті Д.Сабырбаев.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *