Головкиннің Өскемендегі жанкүйерлері Ертістің жағасына жиналады

275

16 қыркүйекте барша өскемендіктер Головкин – Альварес қарымта жекпе-жегін бірге тамашалай алады. Ертістің жағасындағы Амфитеатрда үлкен экраннан тікелей трансляция жасалады, деп хабарлайды   Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz.

Бұл күні таңғы 7.30-дан бастап көрермендер әртүрлі ойын-сауықтық бағдарламаларға қатыса алады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еліміздің бірқатар танымал спортшылары айтулы доданы өскемендіктермен бірге тамашалау үшін арнайы келеді. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпионы Серік Сапиев, кикбоксинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін ТМД және Азия чемпионы Ерлан Шідербаев, грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев сынды спортшылар бар.

«Өскемендей керемет қаланың тұрғындары! Сіздермен қауышатыныма қуаныштымын. 15 қыркүйекте айтулы жекпе-жек күтіп тұрғаны анық. Жерлесіміз Геннадий екінші мәрте мексикалық боксшы Канеломен кезігеді. Бұл жолы жеңіс бізде. Сіздер үшін арнайы ұшып келемін. Бірге жеңімпаз атанайық», – деген жалынды сәлемін жолдады Серік Сапиев.

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *