Нұрсұлтан Назарбаев «Түркістан — түркі халықтарының киелі мекені»

318

Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шарада Елбасы бүкіл түркі әлемі үшін  Түркістан қаласының тарихи әрі рухани мәні зор екеніне айрықша тоқталды. «Бұл — түркі халықтарының киелі мекені. Сондықтан мұнда жұрт көп келеді. Бұл жерде көптеген танымал тұлғалар жерленген», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Маминнің Түркістан қаласының аумақтық даму тұжырымдамасы жөніндегі баяндамасы және Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың әкімшілік-аумақтық басқару органдарын жаңа облыс орталығына көшіру барысы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салу жоспары, сондай-ақ қаланы энергиямен және сумен қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған шешімдер жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке және облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма жүктелді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *