Ұйқының жеткіліксіздігі мезгілсіз өлімге әкеледі

291

Ол сондай-ақ Альцгеймер ауруының басты себебі.

АҚШ-тың Джон Хопкинс университеті мен қартаю мәселелері Ұлттық институтының ғалымдары  түнгі ұйқының аздығы мен Альцгеймер ауруының байланысын анықтады. Альцгеймер ауруы – адамның өмір сүру сапасын нашарлатып, мезгілсіз қазаға әкелетін айықпас дерт.

Мамандар 1958 жылдан басталып, үш мыңнан астам адам қатыстырылған Baltimore Longitudinal Study of Aging, ұзақ мерзімді  зертттеулерінің нәтижесінде алынған деректерді талдаған. 1991-2000 жылдар аралығында еріктілер арасында жүргізілген сауалнамада олар ұйқы сапасы мен күндізгі ұйқышылдық туралы сұрақтарға жауап берген. Сыналған топқа Альцгеймер ауруының  белгісі болып табылатын  бета-амилоидты  түйіншектерді  сәйкестендіру үшін Pittsburgh B (PiB) химиялық қоспасы қатыстырылған позитронды-эмиссионалды томография жасалды.

Зерттеушілер сауалнамаға қатысып, 16 жылдан кейін  PiB пен томография жасатқан 123 еріктіні анықтап, сәйкестендірді. Нәтижесінде, күндізгі уақыттағы ұйқышылдыққа шағымданған адамдарда амилоидты түйіншектердің жиналуы басқа адамдарға қарағанда   үш есе көп болған.

Ғалымдардың пікірінше,  күндізгі ұйқышылдық түнгі ұйқының сапасыздығынан туындайды. Өйткені түнгі ұйқының созылмалы жетіспеушілігі бета-амилоидтардың жиналауына әкеп соқтырады. Ғалымдар сондай-ақ амилоидты түйіншектердің шектен тыс ұйқышылдықты тудырады деген болжамды да жоққа шығармады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *