Елімізде қант диабетімен ауыратындар дәрі-дәрмекпен толық қамтылды

240

2018 жылы қант диабетімен ауыратындарға арналған 48 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым бірыңғай дистрибьютердің тізіміне кірді, деп хабарлайды kazgazeta.kz  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мәселесі жоқ, себебі қазіргі уақытта барлық емханалар цифрлық форматқа көшіп жатыр. Біз сол арқылы қай өңірге қанша көлемде дәрі-дәрмек керек екенін біліп отырамыз және қажетті мөлшерде жеткізіп береміз. Қант диабеті дертіне шалдыққандарға арналған дәрілер бойынша шағымдар болды», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

«Бүгінгі таңда бұдан былай шығарылмайтын шприцтің бір түрінен басқа 47 дәрі-дәрмек сатып алынды. Оның орнына шприцтің басқа аналогы алынды», — дейді Біртанов.

Сонымен қатар, денсаулық министрі маусым айында қант диабеті бойынша қосымша 600 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі алынғанын айтты. Бұл дәрілер аймақтардағы қосымша тапсырыстар негізінде алынған.

«Бірыңғай дистрибьютердің 2019 жылға арналған тізімінде қайталап ауырған немесе инсулинді помпасы істен шығып қалған әр науқасқа бір инсулинді помпа тегін берілетіні қарастырылған», — дейді Біртанов.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *