Моңғолияның Қазақстандағы Мәдениет елшісі марапатталды

259

Ұланбатыр қаласында Моңғолия Мәдениет елшілерінің алғашқы форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

Жиынға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ҚХР, Жапония, Индонезия қатарлы елдерден келген Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен тағайындалған аталған елдің шетелмен мәдени іс-шараларын үйлестіруші зиялы өкілдер қатысуда.

Алқалы жиында Моңғолияның Қазақстандағы Мәдениет елшісі, ғалым А.Тойшанұлы соңғы жылдары Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия арасындағы ғылыми-мәдени байланыстардың қарқынды дамығаны туралы баян етті.

Жиынға қатысушылар соңғы үш жылда тұрақты жүргізілген Халықаралық Түркі академиясының археологиялық қазбалары мен ғылыми зерттеулеріне жоғары баға беріп, бұл байланыстардың жалғасын табуына мүдделі екеніне ықылас танытты.

Моңғолия Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг жиынға қатысушыларға толағай табыс тілеп, ғалым Ақеділ Тойшанұлын Моңғолия Сыртқы істер министрінің арнайы сертификатымен марапаттады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *