Алматыда ТМД мемлекеттері жастарының форумы өтуде

198

Форумға Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, жас кәсіпкерлер мен волонтерлар қатысуда.

Форумның ресми ашылу салтанатында ТМД елдерінен келген делегация жетекшілері сөз сөйледі. Атап айтқанда, Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің халықаралық қызмет бөлімінің бастығы (Росмолодежь) Д. Иванов, Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы А. Адамалиев, Беларусь Республикасы Білім министрлігінің «Балалар мен жастардың көркем шығармашылығы ұлттық орталығы» Республикалық жастар білім беру орталығы мекемесінің меңгерушісі Д. Туронок, Әзірбайжан Жастар ұйымдары Ұлттық Кеңесінің төрайымы М. Меджидова, Өзбекстанның Бүкіләлемдік жастар қауымдастығының төрағасы М. Әлімбаев, «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары А. Навасардян сөз сөйледі.

Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің (Росмолодежь) халықаралық қызмет бөлімінің басшысы Дмитрий Иванов өз сөзінде Ресей Федерациясы үшін ТМД кеңістігіндегі өзара ықпалдастықта жастар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту басым бағыт болып табылатынын атап өтті.

«Біз өз тарапымыздан әр түрлі бастамаларды конструктивті түрде қолдауға дайынбыз. Бізде гранттық қолдауды жүзеге асыратын мүмкіндіктер бар. Форумға қатысушылардың алған тәжірибелері болашақта өз көрінісін табады деп үміттенеміз», — деді Д. Иванов. Ресей делегациясының басшысы ұсынылған жобаларды жүзеге асыру үшін Жол картасын әзірлеуді ұсынды.

Әзірбайжан жастар ұйымдарының Ұлттық кеңесінің төрайымы М. Меджидова жастар кәсіпкерлігі мен еріктілік қызметті дамыту, сондай-ақ жастар ұйымдары мен жобаларының өзектілігін атады.

Сондай-ақ, форум аясында «Заманауи туризмнің трендтері», «Волонтерлік өмір салты бейнесі», «Жастар және бизнес», «Ақпарат ағымындағы жастар» тақырыптарында сұхбат алаңдары өтті.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары негізінде тиісті ұсынымдар қабылданады.




One thought on “Алматыда ТМД мемлекеттері жастарының форумы өтуде

  1. Alexnat

    Ваш сайт это убогое говно, вы его сами делали или заплатили криворукому студенту?
    Я делаю крутые сайты профессионально и дешево!!! Телефон +79169295582 или 879169295582 по россии. Звоните! Скидка только сейчас!
    Слыш, мудак, сайт закажи или зассал терпила? Маму твою ебал.
    Скидка только сейчас, консультация бесплатно. Примеры работ по запросу.
    Александр

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *