Сұлтановқа 7 тілек

642

Өзіңізді жәрмеңкеден алма сатып алу сияқты арзан пиармен көрсетпей, қарапайым болғыңыз келсе, мыналарды істесеңіз болады:
1. Жағдайдың барлығы жасалған Үкімет мүшелеріне арналған үйде емес, қарапайым халық тұратын арзан үйге көшіңіз, сонда тұрыңыз, көріңіз.
2. Жұмысқа автобуспен келіңіз.
3. Айлығыңызды астаналықтардың орташа жалақысындай етіп белгілеңіз.
4. Балалар немесе немерелеріңізді қарапайым балабақша, мектеп немесе университетке беріңіз.
5. Патриот ретінде елімізде тігілген киімдерді киіп, елімізде өндірілген заттарды пайдаланып, қазақстандық тамақты ішіңіз.
6. Қаланы өзіңіз жаяу аралап, халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаңыз.
7. Әлеуметтік желілердегі аккаунттарыңызды қолға алып, виртуалды кеңістікте ашық болыңыз.
Егер осыларды орындай алмасаңыз, алма сатып алу сияқты арзан пиар жасап, сүйкіміңізді алмағаныңыз дұрыс!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *