Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарды

659

Ғалымдар мұның басты себебі ауаның ластануында деп түсіндіреді.

Остиндегі  (АҚШ) Техас университетінің ғалымдары ауаның ғаламдық ластануы адамның өмір сүру ұзақтығын орташа есеппен быр жылға қысқартатынын анықтады. Зерттеушілер185 мемлекеттегі өлшемі 2,5 микрометрден аспайтын қатты бөлшектердің  шоғырлануымен анықталатын ауаның ластану деңгейін сараптады. Қатты бөлшектер өкпеге еніп,  жүрек талмасы, инсульт, обыр, тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болу қаупін  арттырады. Ғалымдар сондай-ақ ауа ластануының аймақтық және ғаламдық масштабтарын да бағалаған.  Анықталғанындай, қоршаған ортаның ластануы дүние жүзінде өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай қысқартатын болып шыққан. Мысалы Үндістан мен Қытайда ауа сапасын жақсарту 60 жастағы егде адамдардың өмірін 85 жасқа жеткізу мүмкіндігін арттыратын еді. Ғалымдардың бағамдауынша, ауаға түсетін қатты бөлшектердің әсерінен жылына 90 мың американдықтар мен Үндістанның 1,1 миллион тұрғыны көз жұмады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *