Түркістан қаласындағы аты жоқ 330 көшеге атаулар берілді

354

Түркістан қаласында Түркістан облысы Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтіп, жиынның күн тәртібінде бірнеше басты мәселе талқыланды. Соның бірі — қала көшелері мен елді мекендерінің атауларын өзгерту жайлы болды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» және «Түркістан облысы Түркістан қаласының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы да қолдау тапты. Осы шешімге сәйкес, Түркістан қаласындағы «32-Разъезд» елді мекені Қарсақты елді мекені болып өзгертілсе, «30-Разъезд» елді мекені Ескі Сауран деп аталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы аты жоқ 330 көшеге атаулар берілді. Осыған сәйкес, облыс орталығында Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Күлтөбе және өзге де көшелер пайда болады.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *