Альварес әлем чемпионы белдігінен айырылды

290

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мексикалық Сауль Альварестен титулын алып қою туралы шешім қабылдаған. Ол бұл белдікті Геннадий Головкинді жеңген соң иеленген болатын. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарна төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан бұл титул бос қалды. АIBO белбеуі кәсіпқой бокста маңыздылығы жағынан бесінші болып саналады және қалғандарынан беделі ең төмені. Реванштың қорытындысы бойынша Сауль Альварес WBA Super, WBC, сондай-ақ The Ring журналының тұжырымы бойынша желілік чемпион белбеуін иеленді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *