Түркістанда Megacity ойын-сауық орталығы ашылады

433

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

Облыс әкімі әуелі «Түркістан индустриалды аймағындағы»  «Гранд микс» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты.  Жобаның жалпы құны — 364 млн теңгені құрайды. Бүгінде өндіріс орнында 120 адам жұмыс жасайды.  Фабриканың жалпы аумағы 1,8 гектар. Жоба жылына 150-170 млн теңгенің дайын өнімін өндіреді. Фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізгі шикізат Ресейден алынады.

Одан кейін аймақ басшысы жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік «Megacity» ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. 5 қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлім орналаспақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *