«Рухани жаңғыру» бағдарламасының тарихи негіздері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

1161

Бүгін, яғни 20 қыркүйек сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тарихи негіздері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ұйымдастырушы — ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау» тұрғысында Қазақстан тарихының өзекті мәселелері қарастырылады. Тарихшы ғалымдардың белсенділігі арқасында адамның сыни ойлауы қалыптасады, ұлттық құндылықты қорғайды, сайып келгенде, қазақстандық қоғамның жаңа бейнесі қалыптасып, ұлт үшін өткеніміз бен болашақ арасында байланыс орнайды.

Іс-шараға институттың ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары, еліміздің қоғам қайраткерлері, Алматы ЖОО профессор-оқытушылар құрамы қатысады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *