Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсия Доннер Абреуді қабылдады

575

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсия Доннер Абреуді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Парламент Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Төраға Қазақстандағы жұмысының басталуымен құттықтап, елшіге тілектестігін білдірді және оның дипломатиялық қызметі екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды межеге тұспа-тұс келгенін – екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толғалы отырғанын атап өтті. «Бұл жылдар ішінде біздің елдеріміз арасындағы қатынастар, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар алмасудың арқасында достық байланыстар елеулі түрде нығайды», — деді Сенат Төрағасы.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Бразилияның өзара парламентаралық іс-қимылын, оның ішінде парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді жүргізуге мүдделілік білдірілді.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты өрістету үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Бұл тұрғыда Бразилия сыртқы істер министрінің алдағы сапарының маңызы зор болғалы тұр. «Бұл екіжақты қатынастарда маңызы зор оқиға, бұл сапар біздің елдеріміздің ынтымақтастығына салмақты серпін береді», — деді Сенат Төрағасы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *