Бүгін Астанада «Талан» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді

228

Бүгін, яғни 20 қыркүйекте сағат 18:30-да Астана қаласындағы «Сары-Арқа» кинотеатрында (Тұран даңғ., 24) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Талан» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді.

Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтың фильмінде жиырмасыншы ғасырдың 30-шы – 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардың өмірі арқылы баяндалады. Фильмнің сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған.

Кешке қатысатындар: режиссер Болат Қалымбетов, актерлер — Асан Мәжит, Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет жән басқалары.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *