Павлодарда қазақ тілінен жалпықазақстандық диктант өткізілуде

596

Павлодар мектептерінде Астананың 20 жылдығына арналған қазақ тілінен ашық жалпықазақстандық диктант өткізілуде. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізіліп отырған «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы диктантқа қала бойынша 7884 оқушы қатысуда.  №41 мектеп директоры Анар Сұлтанбекованың айтуынша, мектеп бойынша іс-шараға 7-11 сынып оқушылары, жалпы саны 370 адам қатысуда.

«Диктанттың мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілді игеру, тілдің мәртебесін көтеру. Қорытындыларын қазақ тілі мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия шығарып, үздік жұмыстар марапаттарға ие болады. Сонымен бірге, біздің мектеп жыл сайын түрлі өзге ұлттарды қазақша сөйлететін «Мың бала» конкурсына қатысады», — дейді Анар Сұлтанбекова.

№ 41 мектептің 11 сынып оқушысы, пәнаралық олимпиадалардың жүлдегері Дария Шушпанова мұндай кең көлемді сынға алғаш рет қатысып отырғанын айтады. Ол қазақ тілін жетік меңгерген. Болашақта дипломат болуды армандайды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *