Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры тағайындалды

554

Дәулет Құрманғалиұлы Досбатыров Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Досбатыров Даулет Кұрманғалиұлы 1981 жылы 20 сәуірде Ресейдің Нижний Тагил қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «цирк өнері» мамандығы бойынша аяқтаған.

2008 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «режиссура» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын «хореография (хореография педагогикасы)» мамандығы бойынша аяқтаған.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеттің шешімімен 6Д040600 — Режиссура мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алған.

2018 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» грамотасымен наградталған.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталған.

1991-2004 жылдары «Союзцирк» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің гимнаст, «Астана Холдинг» жауапкершілігі шекетеулі серіктестігінің әуе гимнаст әртісі лауазымдарын атқарған.

2005-2015 жылдары «Қазақ мемлекеттік цирк» МКҚК-нің әуе гимнаст әртісі, директордың шығармашылық даму жөніндегі орынбасары, директордың міндетін атқарған және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна пластикасы» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2015-2016 жылдары аралығында «Қазақ мемлекеттік цирк» МКҚК-нің директоры, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының аға оқытушысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың 15 шілдесінен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің шығармашылық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректорының, 2017 жылдың қыркүйегінен сахна пластикасы кафедрасының доценті лауазымын атқарған.

Үйленген, екі баланың әкесі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *