«Нұр Отан» партиясы соңғы уақыттары елімізде жастардың игілігіне бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыра бастады. Солардың бірі «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» деп аталады. Осы жобаның аясында Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қаланың тұрғындары және жастарына арналып «Сoworking» заманауи білім орталығы ашылды.

Заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев және өзге де қонақтар қатысты.
«Сoworking» орталығы дегеніміз не? Ол — жеке шығармашылыққа, адамдардың өзін-өзі дамытуға, яғни, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруға, сондай-ақ, жастарға бос уақытында шахмат, дойбы ойнап, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік беретін орын, заманауи орталыққа келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге арналған мекен.
Алдыңғы мақалаҚол қойылған субсидия жобаларының жалпы сомасы 89 990 млн. теңгені құрады
Келесі мақалаСайрамда 60 көше жөнделуде