Сайрамда 60 көше жөнделуде

102

Түркістан облысы Сайрам ауданында елдімекендердің ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығы Ақсукентте — 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында — 6, Қарамұрт елді мекенінде — 3, Жібек жолы ауылында 2 көше жөнделіп жатыр. Қазіргі таңда Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, тиісті құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.  Бұған қоса,  ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзындығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді.  Аудан көлеміндегі апатты жағдайда тұрған 3 көпірді жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *