Қол қойылған субсидия жобаларының жалпы сомасы 89 990 млн. теңгені құрады

1276

Бұл жайында Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында «Даму ҚДҚ» АҚ Алматы қаласы филиалы директоры Сыздықов Мереке Өмірбекұлы хабардар етті.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша 01.01.2018 — 03.09.2018 уақыт аралығында 775 субсидия келісім шарттарына қол қойылды, қол қойылған жобалардың жалпы сомасы 89 990 млн. теңгені құрады. Олардың ішінде, 2018 жылдың 8 ай бойынша Алматы қаласында 22 субсидия келісіміне қол қойылды, жалпы 8 311 млн.тг құрады. Өндіріс, көлік және қоймалау сияқты салалар жетекші орын алады.

Мысал келтіретін болсақ, «Даму» қоры Жансая Абдумалик шахмат академиясының жобасын қолдады. Жансай Әбдімәлік — 4 жасынан бастап барлық жастағы балаларға арналған шахматтық кәсіби шеберлік білім беретін академия болып табылады. Студенттерге тәжірибелі жаттықтырушылар, спорт шебері кандидаттарынан 20 жылдан астам уақыт бойы балалармен жұмыс жасаған халықаралық гроссмейстерлер жаттықтырады. «Даму» қоры несиені субсидиялады және несие сомасының 50% -на дейін ішінара кепілдігін қолдады, банктегі кепілге салынған бөлігіне. Несие қаражатына Академия ғимаратты меншікке сатып алды, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды және жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, 01.01.2018ж — 03.09.2018 ж мерзімі аралығында 700 кепілдік келісіміне қол қойылды, несиенің жалпы сомасы 27,293 млрд. теңгені құрады, ал кепілдеме сомасы 10,726 млрд. теңгені құрады.

Ал, Алматы қаласында 8 ай мерзімі ішінде жалпы сомасы 3 113 млн. теңге болатын 39 жоба қолдау алды, сондай-ақ кепілдіктер сомасы 1 293 млн. теңгені құрады.

Мысалыға, «Камертон» Жеке Шаруашылық Серіктестігі 2005 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын 40 млн. теңге сомада банктен несие алып , Даму қоры өз кезегінде банктің алдында 20 млн.тт кепілдік қолдауымен қамтамасыз етті-деп сөзін аяқтады М.Өмірбекұлы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *