Қазақстанға қай елден туристер көп келеді?

167

2017 жылы елімізге 7,7 млн шетелдік келген, деп хабарлайды kazgazeta.kz LS порталына сілтеме жасап.

Туристердің  қатары бір жыл ішінде 18,3% өскен.

Шетелдік меймандардың басым көпшілігі – Өзбекстаннан. Бұл елден 12 ай ішінде 3,3 млн адам келген.

Ресейлік туристердің легі 1,7 млн адамға жетсе, Қырғызстаннан — 1,2 млн, Тәжікстаннан — 383,3 мың, Әзербайжаннан – 111 мың адам елімізге кірген.

Сонымен қатар, Германиядан Қазақстанға 99,4 мың адам, Түркиядан – 98,8 мың, Қытайдан – 94,8 мың және Белорусиядан – 70,8 мың турист келген.

Украинадан келгендер саны 66 мың адамды құраса, Түрікменстаннан – 63,2 мың, Оңтүстік Кореядан – 30,6 мың және АҚШ-тан -29,6 мың адам келген.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *