Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» басшысымен кездесті

101

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне компания жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективалары жөнінде баяндады.

«Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз», – деді Ғалымжан Пірматов.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басшысының мәліметіне сәйкес биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде компания әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *