Қанат Ислам Мақтаарал ауданында қонақта

433

Бүгін Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды, — деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғаш сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов құттықтау сөзінде:

Бүгін ауданымызға бүкіл әлемге танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қонаққа келді. Бұл жаңадан құрылған ауданымыз үшін, мақтааралдықтар үшін зор қуаныш! Қанаттың әрбір жекпе жегін мақтааралдықтар жан күйдіре отырып тамашалайды. Оның рингтегі әрбір соққысы еліміздің намысын, абыройын көтеруге бағытталған. Ол — рухы биік, өр мінезді, еліміздің нағыз ұлтжанды азаматы. Мақтаарал ауданының әкімдігі жергілікті жерден мықты спортшыларды, кәсіпқой боксшыларды дайындап шығару үшін Қанат Ислам сияқты тұлғаларды насихаттауды тоқтатпайды. Сондықтан, киелі Мақтаарал ауданына келгеніңіз үшін Сізге алғысымды білдіре отырып деніңізге саулық тілеймін. Еліміздің көк туын желбіретуден шаршамаңыз!» — деді.

Мақаарал ауданының әкімі Қанат Исламның астына тұлпар мінгізіп, үстіне шапан жапты. Өз кезегінде Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға ақыл-кеңесін айтып, мастер-класс өткізді. Сонымен қатар, боксшы Мақтаарал агроколледжінің студент жастармен кездесті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *