Семейліктер қала күнін тойлады

458

Семей халқы қала күнін тойлады.    Жастар велошеру ұйымдастырып, орталық алаңда өнер жұлдыздарының концерті өтті. Мереке барысында Абай, Шәкәрім, Шоқан, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойылды. Семей қаласының тарихын зерттеушілер қала жөнінде белгілі бір байламға келе алмай жүр. Сондықтан, қала әкімдігі биылғы қала күнін ешқандай мерейтойлық даталарға байланыстырмай атап өтті.

Рахат Алтай, журналист, тарихшы:

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай Қазақстан халқы барлық өлкесінде өткен тарихын танып жатыр. Соған орай осы қаламызда республикаға танымал ғалымдарымыз жиналып, ғылыми конференция өткізді. Сол конференцияда Семей қаласының 3 мың жылдай уақыт болғанын дәлелдеді, — дейді.

Кешке қала тұрғындары мен қонақтары үшін өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *