Доллар өссе баға шарықтайды, доллар түссе баға неге түспейді?

1258

26 тамызда доллардың теңгеге шаққандағы курсы 359 тг болды. Бір тоңазытқыштың бағасы — 115 мың теңге еді.
12 қыркүйекте доллар бағамы шарықтап, 380 теңгеге өсті (383 теңгемен сатқан айырбастау пунктері де бар). Дәл осы күні әлгі тоңазытқыштың бағасы да 135 мың теңгеге дейін өсті. Сатушылар «доллар өсті, сырттан келетін тауар бағасы да өсті», деді.
Кеше баға 26 тамыздағыдан да төмендеп, 352 теңгеге дейін түсті. Бірақ әлгі тоңазытқыштың бағасы түскен жоқ. Сатушының айтуынша мұның доллар бағасына қатысы жоқ.
Өсетін кезде қатысы болады да, түсетін кезде болмайды.
Сондай елміз.

Ербол Азанбектің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *