БҰҰ Бас Ассамблеясында Елбасы бастамасымен жасалған кодекс таныстырылады

302

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің баспасөз xатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы өтіп жатыр.  Күн тәртібінде xалықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік, тұрақты даму, адам құқықтары, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және xалықаралық құқықты дамыту бойынша 175-тен астам мәселе бар. Қазақстанның делегациясы жалпы дебаттарға да қатысады. «24-29 қыркүйек аралығында көпжақты және екіжақты бірқатар шаралар жоспарланған. Ал 28 қыркүйекте Қазақстанның сыртқы істер министрі сөз сөйлейді. Сессияда Қазақстан үшін басты оқиғалардың бірі — «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» мінез-құлық кодексінің таныстырылымы. Бұл құжат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған.

Кодекстің негізгі мақсаты 2045 жылы БҰҰ 100 жылдығына орай терроризмге қарсы күрес және терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу бойынша серіктес елдердің xалықаралық коалициясын құру болып табылады», — деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, жалпы дебаттардан бөлек Қазақстан делегациясы басқа да кездесулерге қатысады. Соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі, Ядролық қаруға қарсы күрес халықаралық күніне арналған жоғары деңгейдегі кездесу, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы министрлер кеңесінің бейресми кездесуі, Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобы мемлекеттері министрлерінің кездесуі, БҰҰ Өркениеттер альянсының достары тобы министрлер кездесуі және тағы басқа маңызды шаралар бар. Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның қатысуымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар ашық отырыстары өтеді. «Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ ресми өкілдері, сыртқы істер министрлері, америкалық және халықаралық бизнесмендер бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Жалпы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, қарусыздану, бітімгершілік, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму салалары бойынша бірқатар сыртқы саяси бастамаларын ілгерітуге мүмкіндік береді», — деп атап көрсетті А.Смадияров.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *