Түркістан облысының әкімі ардагерлермен кездесті

613

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қарттар күні қарсаңында бір топ ардагерлермен кездесті. Аймақ басшысы ел ағаларын мерекемен құттықтап, облыс орталығын рухани тұрғыдан дамытуға бірлесіп атсалысуға шақырды. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңір басшысы Түркістанды түлетуге Елбасының айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. «Облыс орталығы алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді. Алдағы уақытта Түркістанда жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, әуежай, әкімшілік іскерлік орталық бой көтеретін болады. Түркі дүниесінің орталығы ретінде барлық жағынан сай болмақ. Сонымен қатар, Түркістан – руханияттың, мәдениеттің ордасы болуы тиіс. Бұл тұрғыда ел ағаларына, ақсақалдарға артылар жүк ауыр», — деді Жансейіт Түймебаев. Облыс басшысы сондай-ақ, мереке қарсаңында ардагерлерге демалыс аймақтарына жолдама сыйлады. Олардың қатарында Түркістан облысының Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласының Ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмаділ Кішібаев, Түркістан қаласының қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Рүстем Камилов сынды 20-ға жуық ардагер бар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *