Лука Модрич — 2018 жылдың үздігі

548
ФИФА жылдың үздіктерін марапаттады

ФИФА ұйымы жылдың үздік футболшыларын марапаттады.

Үздік ойыншы 

«The Best» сыйлығы Лука Модричке бұйырды. Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Мұхамед Салахты (Ливерпуль) басып озды. «France Football» журналы 2016 жылдан бастап ФИФА-мен келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым «Алтын доп» иегерін өздері анықтаса, ФИФА «The best» сыйлығын табыстауды қолға алған.

Үздік гол 

«Ливерпуль» клубының ойыншысы Мұхамед Салахтың АПЛ аясында «Эвертонның» қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Картинки по запросу the best goal

Үздік бапкер 

Әлем чемпионатында топ жарған Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам жылдың үздік бапкері атанды.

Үздік қақпашы

Мундиальда Бельгия құрамасының сапында қола жүлдеге қол жеткізген Тибо Куртуа өз позициясында теңедессіз болды.

Үздік жанкүйерлер

Перу құрамасының жанкүйерлері — жылдың үздіктері.

Жыл командасы

Қақпашы: Давид де Хеа;

Қорғаушылар: Дани Алвес, Рафаэль Варан, Серхио Рамос, Марсело;

Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич, Н’Голо Канте, Эден Азар.

Шабуылшылар: Криштиану Роналду, Лионель Месси, Килиан Мбаппе.

Картинки по запросу fifa world11




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *