Қанат Ислам бокстан кету туралы сұраққа жауап берді

533

Америкалық сайтта боксшының белсенді емес екені көрсетілген.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz тілшісіне бокстан кету туралы сұрақққа жауап берді. 

Америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының «белсенді емес» екені көрсетілген. Ал Status бағанысында «белсенді емес» деп белгіленген боксшылар әдетте карьерасын аяқтайды.

Осы мәселені анықтау үшін былғары қолғап шеберінің өзімен хабарластық.

«Жоқ, олай емес. Мен жаттығып жатырмын», — деп жауап берді WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *