Алматының Әуезов ауданына әкім тағайындалды

579

ҚР Президенті Әкімшілігі және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әнуар Өскенбаев Әуезов ауданының әкімі болып  тағайындалды, деп хабарлайды  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әнуар Өскенбаев әр жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болған.  2015 жылы Алматы қаласы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан бері қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы болып қызмет етті. Ол басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *