Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтеді

225

Түркістан қаласында «Көне Түркістан — жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтеді, деп  хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

28-ші қыркүйек күні өтетін форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев пен Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимр Пискурев, «RIXOS HOTELS» президенті Фетах Таминджи мен «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе  қатысады. Сондай-ақ, «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие мен Туризмнің Еуразиялық Ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Габриель Котчофа мен Тәжікстан Республикасының сауда және экономикалық даму министрі — ұлттық үйлестірушісі Ньематулло Хикматуллозода, Өзбекстан Республикасының инвестициялар мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары мен ОААЭЫ ұлттық үйлестірушісі Вафаев Шухрат, Пәкістан стратегиялық зерттеу институтының директоры Халид Махмуд пен «Rocket Media communications» негізін қалаушы Майкл Грабнер секілді спикерлер шақырылып отыр. Сонымен қатар, Еуропа елдері, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден 250-ден астам делегаттар келеді деп жоспарланған.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *