Шенеуніктердің жалақысы қандай?

1137

2016 жылы «Ақпаратқа қол жетікізу туралы» заң өз күшіне енгеннен бері ашық деректер қорында қоғам назарына ұсынылатын ақпараттар көбейіп жатыр. Өкініштісі сол, бұл ақпараттарды қарапайым тұрғындар былай тұрсын, журналистердің өзі білмейді.

Мәселен, Қаржы министрлігінің сайты www.minfin.gov.kz-те министрліктің үш вице-министрі және жауапты хатшысының 2017 жылғы жылдық кірісі жарияланған. Сайт мәліметі бойынша, бұнда көрсетілген сомадан салық ұсталынбаған. Сонымен министрліктің министрден кейінгі лауазымды тұлғаларының кірісі қандай?

 

 

Бірінші вице-министр Руслан Еңсебаевтың жылдық табысының 60 миллионнан сәл төмен болуын белгілі қаржы сарапшысы Research-Zertteu институтының жетекшісі Шолпан Айтенова  Руслан Еңсебаевтың әртүрлі компаниялардың директорлар кеңесіне қатысуымен байланыстырады.

Ал қалған шенеуніктердің жылдық табысы 20 миллионнан 30 миллион аралығында болған. Егер, 60 миллионды 12 айға бөлсек, айына бес миллионнан айналады екен. Оның 30 пайызы түрлі салықтарға жұмсалады деп есептесек, І вице-премьердің айлық табысын 3,5 миллион деп шамалауға әбден болады.

Ал, 23 миллион теңге табыс тапқан Қанат Баеділовтың айлық табысы  шамамен 1,5 жарым миллион теңге болса, 29 миллион теңге табыс тапқан Жауапты хатшы Бауыржан Тортаевтың айлық табысы – 1,7 милионнан сәл асады екен.

Шолпан Айтенованың пікірінше, бұл өте жақсы бастама. Бұл шенеуніктердің есептілігі мен олар туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді. Ал демократиялық қоғамның басты талаптарының бірі осы. Халықтың қалтасынан төленіп жатқан қаржының қандай мақсатта жұмсалып жатқанын халық білуі тиіс. Енді Қаржы министрлігінің бұл бастамасы өзге де министрліктерге үлгі болады деген сенімдеміз. Сондай-ақ, тек вице-министрлер ғана емес, министрдің өзінің де табысы жарияланатын болса нұр үстіне нұр болар еді.

Есен Байнұр. 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *