Павлодар облысында ауылдардың атауы өзгерді

160

Бұндай шешім Павлодар облыстық мәслихатының кезекті ХХІV сессиясында қабылданды. Ауыл тұрғындарының өтінішін ономастикалық комиссия қарастырып, депутаттар қолдады. Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылдық округінде екі елді мекеннің атауы өзгертілді. — Теңдік ауылы – Мұса Шорман ауылы болып, Қараащы – Қаныш Сәтбаев ауылы болып қайта аталды, — деді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова. Үшінші болып Жаңажол ауылы – Мәшһүр Жүсіп ауылы деп аталынды. Бұл туралы pavlodarnews.kz  хабарлайды.

Еске салайық, биыл Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» аясында Мұса Шорманның 200 жылдығы аталып өтілді. Мерейтойына орай Теңдік ауылында тұлғаның ескерткіші ашылды. Жоба демеушілердің есебінен жүзеге асырылды.   Сонымен қатар, биыл Баянауыл ауданында Ертіс өңірінің қайталанбас тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығы және ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы да тойланған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *