Әлиханды өз тұғырына қондыра алмадық

930

Бүгін Әлекеңнің — Әлихан Бөкейханның нақақ атылған күні. Әлихан Нұрмұхамедұлын әлі де өзінің тұлғалық тұғырына шығара алған жоқпыз деп есептеймін. Иә, Алаш туралы айтқанды, тамсанғанды әлдебір құрама жинақтар шығарғанды, реті келсе сөз арасына қосып алашшыл екенімізді, солардай ұлт қызметшісі болып жүргенімізді емеурінмен айтқымыз келіп тұрады. Тіпті Әлекеңді, Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз. Өйткені тарихи жады кіресілі-шығасылы сал қоғам кім не айтса да қылғытып жұта береді. Сосын, қазіргі билікке жақын кейбір азаматтар да екі кеменің құйрығын қатар ұстап әрі алашшыл әрі билікшіл ұстанымда жүргендерін де жасырып қайтеміз. Әлекең біздің мұндай солқылдақ, екіжүзділігіміз көрсе, «Қазақ» газетінде сойып салар еді. Сондықтан уақыты келгенде, өреміз өскенде тарихи тұлғаларды соның ішінде Әлекеңнің тарихи тұлғалық тұрпатын арнайы мәртебемен бекітіп, кім көрінгеннің ол кісінің атын пайдалануына жол бермейтін, Астананың бас алаңында айбатты ескерткішін орнатып, елдің әр қаласы, ауданы мен ауылындағы «Тәуелсіздік», «Мәңгілік ел» көшелері мен даңғылдарын Әлекеңнің атына ауыстырып нағыз рухани жаңғыратын күн туады деп үміттенемін!

Өміржан Әбдіхалықұлының фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *