Алматы облысында екі оқушыдан менингит анықталды

684

Менингитке шалдыққан екі оқушы Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда, деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.  7 және 10 жастағы науқастар екі түрлі ауданның тұрғындары. «Оқушының біреуі Іле ауданынан, екіншісі Қарасай ауданындағы Абай мектебінде білім алады. Екеуіне менингит диагнозы қойылды. Балалардың жағдайы жақсы», — деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова. Балаларға қойылған диагноз менингококктық инфекция емес – менингит. Яғни менингококктық инфекция ауа арқылы тараса, менингит дерті суық тигеннен, иммунитеттің төмендеуінен болады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *