«Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті

1536

Кеше Түркістан қаласында барлық аудандардан келген 800-ден астам мектеп оқушылары қатысқан «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, адалдыққа үйрету.

Ғалым Тұрсынбаев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Түркістан облысы бойынша басшысы

Бүгінгі таңда облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті және адами құндылықтарды   насихаттайтын жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Соның негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін  904 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған. Оның  300 мыңан астам мүшелері бар, — деді.

Нұрислам Наурызбай  —  М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жиынына облыстық білім беру ұйымының басшылары мен облыстың барлық 16 ауданынан келген 800-ден аса «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *