Қандастар назарына: Қазақстанда білім аламын десеңіз…

771

Қазақстанның жоғары оқу орындарында шетелден келген қазақ балаларына арналған дайындық курстары жұмыс істейді. Негізгі мақсат — шетелде білім алған балаларды отандық білім жүйесіне бейімдеу, кириллицаға үйрету, Қазақстан тарихына баулу және басқа да ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін пәндәі емтихандарға дайындау.

Олардың саны біресе көбейеді, біресе азайады. Оның себебін Білім және ғылым министрлігіндер қазақ диаспорасы өкілдерінің біресе көбейіп, біресе азайып отырғанымен байланыстырады. Қазір дайындық курстарының саны – 15. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ,  Абай атындағы ҚАЗҰПУ, Еуразия ұлттық универсиеті, Тараз, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Арқалық, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Орал, Атырау және Ақтау қалаларындағы мемлекеттік университеттерде бар. Дайындық курстары бір кездері 3500 тыңдаушыға дейін қабылдаған. Қазір бұл сан біршама қысқарған. Себебі, Қытайдан келетін қазақтардың алдында көп кедергінің тұрғаны. Әр талапкерге айына – 20 мың теңге стипендия төленеді. Әрі тегін жатақханамен қамтамасыз етіледі. Биылға дейін жылына 2 пайыздық білім квотасы бөлініп келген. Алайда, қазақ диаспорасының өкілдері жалпы конкурсқа қатыса алатын. 2017 жылы Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында бұл квотаны 4 пайызға дейін көбейту туралы Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылы жалпы мемлекеттік гранттың 4 пайызы шетелден келген қазақ жастарына бөлінді. Оның жалпы саны – 1877. 2015 жылға дейін оқуға бөлінген квоталар жетіспесе, қазір орындалмай келеді.

Есен Байнұр

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *