Елбасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

375

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары барысында тарихи-мәдени «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, қорық-музейдің даму жоспарымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сан ғасырлар бойы мұсылманшылықтың алтын бесігі болып, түркі әлемінің орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бүгінде отандық және сырттан келуші саяхатшылар үшін танымдық және рухани туризм орталығына айналуына қолайлы жағдай жасау көзделген.

Қасиетті мекенде жаугершілік заманында қазақтың жерін билеп, жаудан қорғаған хандар мен сұлтандар жерленген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістандағы тарихи жәдігерлерді сақтап, насихаттауға қатысты жоспарын айтып, алдағы атқарылатын жұмыстарымен бөлісті.

Жоспарға сәйкес, Түркістандағы ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылып, ортағасырлық мешіті бар Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары және басқа да бірқатар нысандар толық қайта қалпына келтірілетін болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *