«Димаш» деген брендпен интернет-дүкен ашылды

449

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің брендімен интернет-дүкен жұмыс істей бастады, — деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

 «Димаш» атты интернет-дүкеннің тауарларын халыққа жеткізу мақсатында бүгін «Қазпошта» АҚ басшылығы мен әншінің әкесі Қанат Айтбаевтың арасында серіктестік туралы келісім жасалды. «Қазпошта «Димаш» атты интернет-дүкеннің жұмысын алға бастырып, тауарларын тұтынушыларға жеткізуге көмек көрсететін болады. Қазір олар шәй мен киімдер топтамасын шығара бастады. Алдағы уақытта дүкенде Димаштың шығармашылығына арналған кәдесыйлар да сатылатын болады. Димаш Құдайберген — бұл бренд, әлемдік деңгейдегі жұлдыз, біздің елімізді әлемдік сахнада танытып жүрген тұлға», — деп жазды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Фейсбуктегі парақшасында. Сондай-ақ ол жас әншінің интернет-дүкені Қазақстанда және шетелде электрондық сауданың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді. Айта кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылдан бері «Қазпоштаның» келбеті болып табылады. Димаш Құдайберген — Витебск қаласында өткен «Славян базары-2015» байқауының Гран-при, MTV Music Awards премияларының иегері, номинациялары: «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңдейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» және «Ең танымал шетел әншісі». Димаш Қытайда өткен  Singer-2017  байқауының финалында екінші орын алып, әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *