Нұрлан Ноғаев: Дәрігердің мамандығы күнделікті оқудан тұрады

978

Атырау облысының әкімі қалалық перзентхана базасында ашылған жаңа Симуляциялық орталыққа барды, — деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммункациялар қызметі.

    
Атырауда қалалық перзентхана базасында жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандырылған жаңа Симуляциялық орталық ашылды.
Жаңа орталық 15 станциядан тұрады, онда жас дәрігерлер, сондай-ақ тәжірибесі бар дәрігерлер түрлі манипуляцияларды жасайды. Мерзімінен бұрын босанылған сәбилерді, босанған әйелдерді реанимациялауда, босануға жәрдемдесуде, тууды имитациялауда қызметкерлер арнайы медициналық муляждарда тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
— Бұл роботтар адам ағзасына барынша жақындатылған, эмоцияларды білдіре алады, дыбыстар шығару, сөйлеуі мүмкін. Барлығы 15 роботтандырылған станцияларға 200-ге жуық жабдықтар сатып алынды. Жаңа орталықты ашуда біз екі міндетті көздедік — бүкіл өңірден медициналық қызметкерлерді мүлдем әртүрлі жағдайларда тәжірибелік көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларға оқыту, екінші міндетіміз жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуде парамедиктерді оқыту болып табылады, — деді Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Маншүк Аймурзиева.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, бүгінгі күні қалалық перзентхана базасында орналасқан Симуляциялық орталықтан басқа Атырау медициналық колледжі жанында Симуляциялық сынып ашылды. Онда студенттер 5 станцияда көмек көрсету үшін практикалық дағдыларды жинақтайды.
Айта кету керек, Атыраудағы жаңа Симуляциялық орталық ең заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған және Қазақстанның батысында алдыңғы қатарлы орталық болып саналады.
Жаңа орталыққа барған облыс басшысының айтуынша, дәрігер мамандығы күнделікті оқу мен дағдыларын жетілдіруден тұрады. Жаңадан ашылған оқу жаттығу орны тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар түрлі кәсіптегі адамдар – полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге, дене шынықтыру мұғалімдеріне, жаттықтырушыларға және тіпті мемлекеттік қызметшілерге де пайдалы болады.
Біздің міндетіміз — барлық дәрігерлерді олардың әрқайсысы өзінің арнайы дағдыларын автоматтандыруға жеткізуі үшін осы орталықтан өткізу. Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз — адами факторды алып тастау, өңірдегі барлық дәрігерлер өз саласының маманы болуы тиіс, — деп тапсырды Нұрлан Ноғаев денсаулық сақтау басқармасының басшысына.
Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі Алмагүл шағын ауданындағы қалалық перзентхана жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда мұнда күн сайын 20-ға жуық сәби дүниеге келеді. Үш жолақты жаңа жүйенің арқасында патология бөліміндегі төсек саны 30-дан 16-ға дейін, ал шұғыл көрсеткіштермен түскен әйелдерге алғашқы 2 минутта қызмет көрсетіледі. Облыс әкіміне босанатын әйелді қабылдаудан бастап босану бөлмесіне дейінгі қабылдау процесі қалай өтетінін әңгімеледі. Енді өңірдегі жаңа Симуляциялық орталықтың арқасында ана мен бала өлімінің көрсеткішін нөлге дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, орталықта 12 жаттықтырушы — барлық дайындалған дәрігер неонатологтар, анестезиологтар, реаниматологтар, акушер-гинекологтар және гинекологтар жұмыс істейтін болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыстың барлық медициналық мекемелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ 200 парамедициналық мамандарды біліктілігін арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *