ҚазҰУ Орталық Азия университеттері арасындағы өз көшбасшылық позициясын дәлелдеді

209

Times Higher Education (THE) британдық агенттігінің рейтингісі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып әлемнің үздік университеттерінің 801-1000 тобына енді. Биылғы жылы ТНЕ агенттігінің тізіміне әлемнің 86 елінен 1250 университет кірген.

Сонымен қатар еліміздің тағы да бір ЖОО Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университеттердің 1001+ тобына еніп отыр.

Times Higher Education рейтингісінің ерекшелігі бағалау критерийлерінің 65 % университеттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарына беріледі. Рейтингті әзірлеу кезінде толық және теңдестірілген салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында 5 бағытқа топтастырылған: білім беру (білім беру ортасы), зерттеулер (көлемі, пайда және мансап), дәйексөз алу (зерттеулер әсері), халықаралық қатынас (қызметкерлер, студенттер және зерттеулер), өнеркәсіптік қызмет кірісі (білім алмасу, табыстау) және тиімділіктің 13 көрсеткіші қолданылды.

Осы жылғы рейтингке отандық жоғары оқу орындарының енуі – бұл Қазақстанның ЖОО-ларының халықаралық тәжірибе мен үздік дағдыларды игергендігін дәлелдейтін жақсы белгі.

Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS World University Ranking рейтингтік агенттігінің нұсқасы бойынша 220 орын иеленді және де QS Employability түлектердің жұмысқа орналастырылуын бағалау рейтингі бойынша 251 орында тұр.

Перизат Жарылқасынова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *