2018-2019 оқу жылдарындағы оқушылардың демалыс күндері

347

Оқу процесінің бекітілген кестесіне сәйкес, мектеп бағдарламасы 32-34 аптаны қамтиды, оның арасында оқушылар үш рет демалысқа шығады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Ал мектепке дейінгі балалар үшін үшінші тоқсанда қосымша бір апталық демалыс енгізілді. «2018/19 оқу жылында күзгі демалыс 29 қазан мен 4 қараша аралығында, қысқы демалыс 31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін, көктемгі 21 наурыздан 2 сәуірге дейін жалғасады. Балабақша тәрбиеленушілері үшін қосымша қысқы каникул 4 ақпаннан 10 ақпанға дейін созылады» — делінген министрлік таратқан мәліметте.

Ал ең сүйікті әрі ұзақ жазғы демалыс 99 күнге жалғасады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *