Аутизмді жазатын дәрі анықталды

478

Франциядағы Страсбург университетінің ғалымдары жеке тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуіне мүмкіндік беретін  затқа синтез жасады. Әзірге әдісті тек тышқандарға сынап көрді. Бірақ келешекте аутизм белгілерін емдеу үшін кеңінен қолдануды жоспарлауда. Зерттеулер  Journal of Medicinal Chemistry журналында жарияланған.  Аутистикалық спектрдегі  ауытқулар  (РАС) бала кезде пайда болатын сырқат. Яғни бұл адамда өзгелермен қарым-қатынасты құрып, арық қарай жалғастыру қабілетінің болмауын  білдіреді. Әдетте аутизмге шалдыққан жасөспірімдер қызығушылықтардың шектеулі аясында өмір сүріп, біркелкі, қайталанатын мінез-құлық реакциясын көрсетеді. Страссбург университетінің химиктері әлеуметтік оқшаулану белгілерін жоятын әдісті іздеп-бақты. Нәтижесінде олардың назарына нейропептид окситоцин, яғни сенім гормоны іліккен. Аталмыш гормон тыныштық, қанағат сезімін тудырып, қорқыныш пен мазасыздықтан арылтады.  Емізу кезінде окситоцин сүт арқылы баланың гипоталамусына енеді. Ал инъекция арқылы салынғанда жылдам шайылып, гематоэнцефалитты кедергіден  өте алмай, миға енбей қалады.  Сондықтан ғалымдар окитоцинның баламасын іздеп, оның әсерімен пара-пар, бірақ кемшіліксіз құрылым жасап шығарды.  Олар LIT-001 деп атаған затты генді-модификацияланған аутизм белгілері бар тышқандарға қолданған. Химиялық препаратты енгізгеннен кейін кеміргішер бір-бірімен әрекетке түсе бастаған. Зерттеу авторларының болжамы бойынша,  LIT-001 жаңа дәрі-дәрмекке негіз болып, адамдардағы аутизм белгілерін едәуір төмендете алады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *