«Жаңа дәуір көшбасшылары» және «Шығыстың сәулет жаухарлары» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді

386

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын іске асыру және «2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы» аясында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының көрме залында, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің «Жаңа дәуір көшбасшылары» және «Шығыстың сәулет жаухарлары» атты музейлік есеп беру көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Аталмыш көрмеде ел көшбасшыларының тәуелсіздік жолындағы тарихи белестерінен сыр шертетін өнер туындылары қойылмақ. Сондай-ақ, «Кескіндеме», «Мүсін», «Сәндік қолданбалы өнер», «Киім дизайн» мамандығы студенттерінің тәжірибе барысында жинақталған материалдарын қолдана отырып, Өзбекстандағы тарихи ескерткіштермен, ұлттық мәдениетін шығыстың бояуымен құлпыртып, түрлі материалдармен жұмыс істеп, өз еңбектерімен бірге, фотокөрмені көрермендерге ұсынып отыр. Сондай-ақ, Орта Азиядағы Шығыс мәдениетінің орталығы, әйгілі Шығыс маржаны болып саналатын Бұқара, Хиуа, Самарқанд қалаларында тәлімгерлікте болған студенттердің плэнерлік өнер туындылары көрмеге қойылады. Көрмеге қонақ ретінде Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының өкілдері, қазақ өнерінің танымал суретшілері, зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Көрменің мақсаты екі ел арасындағы рухани, мәдени және достық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады. Көрме өнерпаз жастарымыздың фундаменталды білім алуына ықпалы өте зор.

Көрменің шырайын толықтыра түсетін тағы бір көрініс бұл «инсталляция». Бұл инсталляцияда жетекші оқытушылармен, студенттер бірігіп істейтін түрлі түсті маталардан орындалатын ұзындығы бес жарым (5,5) метрлік коллаж. Бұл коллажда шығыстың түркі әлеміндегі сәулет жаухарларының алау түсті колоритті көрермен қауымды бей-жәй қалдырмайды деп ойлаймыз.

Шара аясында Академия студенттерінің ұйымдастыруымен өзбек ұлтының билері мен әндері орындалады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *