Селфи жасау кезінде көз жұмғандардың саны қанша?

493

Үндістандық  ғалымдар соңғы алты жылда әлем бойынша 250-ден астам адам селфи жасау кезінде көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды  interfax.ru сайты.

Washington Post басылымы жариялаған ақпаратта 2011 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қараша айы аралығында әлем бойынша 259 адам селфи жасау кезінде көз жұмғаны туралы айтылады.

Селфи жасауды ұнататындардың көбі суға батып, көлік қағып өмірімен қош айтысады. Мысалы, селфи жасаушы пойыздың фонында немесе биіктікте тұрып суретке түсуді мақсат етіп, байқаусызда пойыз астына түсіп немесе биіктіктен аяғы тайып құлап кетеді.

Селфи жасап көз жұмғандар саны бойынша Үндістан, Ресей, АҚШ пен Пәкістан көш бастап тұр. Қайтыс болғандардың 85%-ы 10-30 жас аралығындағы адамдар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *