Астанада «Eurasian Stars» халықаралық фестивалі өтеді

388

Астана қаласында 2018 жылдың 5-14 қазан аралығында «Eurasian stars» халықаралық фестивалі өтеді, — деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі.

Фестиваль аясында Астана қаласының екі танымал симфониялық оркестрлері «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен «Еуразиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен 6 концерт өткізіледі. Екі ұжымның көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсақожаева.

Әлемге әйгілі музыканттар танымал ұжымдармен өнер көрсетеді. Оның ішінде Мәскеудің Үлкен театрының дирижері Павел Клиничев, өте танымал скрипачтың бірі Рей Чен, жүлделі қормен өте беделді пианисттер байқауының жеңімпазы Анна Улаева, бүкіләлемдік атақты эстония-американдық дирижері Кристиан Ярви, «Бней-Брит» алтын менора иегері Миша Кац, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Борис Андрианов, ең беделді халықаралық жарыстардың, оның ішінде Венадағы Герберт Фон Караянаның жеңімпазы армян пианисті Наре Аргаманян, халықаралық байқаулар лауреаттары Меруерт Карменова, Никола Перетто және Василий Степанов.

Концерт бағдарламасында П. Чайковскийдің, С. Рахманинованың, И.Стравинскийдің, Ж. Бизенің, Ян Сибелиусаның, Й. Брамсаның, А. Шораның және көптеген басқалардың музыкалары бар.

КОНЦЕРТТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

№ Концерттің атауы Күні мен уақыты Орны

1 Ray Chen (скрипка) және Павел Клиничев (дирижер) 05 қазанда сағат 19:30 «Қазақстан» ОКЗ (Мәңгілік ел даңғ. 10/1)

2 Нареш Аргаманян (фортепиано) және Михаил Кирхгофф (дирижер) 07 қазанда сағат 18:00 ҚазҰӨУ Жабаев ат. Үлкен зал (Тәуелсіздік даңғ., 50)

3 Борис Андрианов (виолончель) және Михаил Кирхгофф (дирижер) 09 қазанда сағат 19:00 ҚазҰӨУ Орган залы (Жеңіс даңғ., 33)

4 Никола Перетто (саксофонист) және Миша Катз (дирижер) 11 қазанда сағат 19:30 «Қазақстан» ОКЗ (Мәңгілік ел даңғ. 10/1)

5 Василий Степанов (виолончель) және Аскар Дүйсенбаев (дирижер) 13 қазанда сағат 19:00 ҚазҰӨУ Орган залы (Жеңіс даңғ., 33)

6 Концерт 14 қазанда сағат 18:00 ҚазҰӨУ Жабаев ат. Үлкен зал (Тәуелсіздік даңғ., 50)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *