«Қазақ газеттері» ЖШС-не Қытайдың үкіметтік “Ekonomic Daily Group” медиа холдингінен арнайы делегация келді

716

Бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС-не Қытайдың үкіметтік “Ekonomic Daily Group” медиа холдингінің президенті Чжен Жу бастаған делегация арнайы келді. Серіктестік басшысы Шәмшидин Әшенқожаұлы Паттеев мырза меймандарды қабылдады. Құрамында халықаралық департамент директоры Мырза Туран және ресми өкіл Жао Руоин бар делегация «Қазақ газеттеріне» нақты және өміршең ұсыныстармен келіпті. Әріптестік кездесу барысында жиынға қатысушылар екі елдің ақпараттық кеңістігіне қатысты пікір алмасты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *