«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

1038

12-13 қазан күндері Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді. Биыл байқауға өңірлік кезеңде жеңіске жеткен 153 компания қатысады.

Марапттау үш аталым бойынша жүреді:

* «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»;

* «Халыққа арналған үздік тауар»;

* «Үздік азық-түлік тауары».

Байқауға қатысушылар ұсынған тауарларды кез келген адам сатып ала алады. Көрме қонақтарын отандық тауар өндірушілер ұйымдастырған киім-кешек таныстырылымы, шеберлік сабақтар мен сыйлықтар ұтысы (күнделікті сағат 15:00-те) күтеді.

Көрме мақсаты – өнім сапасын жақсартуға бағытталған отандық кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтуға көмектесу, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапаға қатысты мәселлерді шешуге және халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау.

Көрме-байқауы аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шағын және микро-бизнеске арналған «Бизнесті құтқару қызметі» пилоттық жобасы таныстырылады.

Алия Кемелбекова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *