Сенаторлар ЕАЭО Сотының Төрағасымен кездесті

316

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Еуразиялық экономикалық одақ сотының Төрағасы Жолымбет Байышевпен кездесті, — деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ сотының құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Ж.Байышев Еуразиялық экономикалық одақ сотының қызметі туралы жан-жақты айтып берді және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Одақ аясындағы халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды қарау жөніндегі соттың халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуге сенаторлар Сәуле Айтпаева, Марат Тағымов, Рысқали Әбдікеров, Әлімжан Құртаев та қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *