Арыстанбек Мұхамедиұлы «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымның Бас хатшысын жаңа марапатымен құттықтады

479

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновты Қырғыстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Данакер» орденімен марапатталуымен құттықтады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатынан үзінді:

“Түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени болмысын біртұтастықта қарап, оны тереңдете тану жолындағы қызметіңіз үшін туысқан елдердің марапатына ие болып келесіз Түркілік тұтастықты ұрпақтар санасында жаңғырту жолындағы еңбегіңіз жемісті бола берсін.

Дүниежүзі түркі халықтарының арасында тізе қосқан сыйластықты жолға қойып, әлемде батыс пен шығысқа дәнекер, алтын көпірлік міндетті абыроймен атқара бергейсіз.”




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *